шаблоны сайт визитка joomla
Скачать шаблоны Joomla 3.5 бесплатно

Тел: 8 (72777) 21568; 21269; 21243    Email: Kegen_maslihat@mail.ru


Кеген аудандық мәслихатының хатшысы Нұрбай Советовтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президентінің Қасым- Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс қимыл кезеңі» атты жолдауын талқылауға байланысты мәслихаттың аппарат қызметкерлерімен мәжіліс отырысы өтті.

Қазақстан Республикасы Президенті жолдауында мәслихаттар жөнінде төмендегі мәселелерге тоқталды.

Мәслихаттар өкілді орган ретінде өңір қаражатының тиімді жұмсалуын бақылауға жауапты. Бірақ, көп жағдайда олардың пікірі ескерусіз қалады.

Осы орайда мәслихаттарға өңірді дамыту және ондаған жылдар бойы шешімін таппай келе жатқан жергілікті түйткілді мәселелерді шешу үшін қол жинау және петиция жасау құзыретін беруге болады деп ойлаймын.

Мәслихаттардың тексеру комиссияларын да күшейткен жөн. Үкімет пен Есеп комитетіне заңдарға енгізілетін тиісті түзетулер топтамасын әзірлеуді тапсырамын.

Мәслихат отырыстарының міндетті онлайн-көрсетілімдерін енгізу қажет. Халық қалаулыларының өзара пікірталасы, олардың қоғамдық-саяси келбеті жұртшылық үшін қол жетпес құпия болмауға тиіс.

Жергілікті мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару органдары құзыреттерінің ара жігін кезең-кезеңмен ажырату қажет.

Жергілікті өзін-өзі басқару органдары болып саналатын жиындар мен жиналыстардың мәртебесін арттырған жөн. Аудандық мәслихаттар нақты шешімдер қабылдаған кезде олардың өзекті мәселелер туралы пікірін ескеруге тиіс.

Секретарь Кегенского районного маслихата

Видео