шаблоны сайт визитка joomla
Скачать шаблоны Joomla 3.5 бесплатно

Тел: 8 (72777) 21568; 21269; 21243    Email: Kegen_maslihat@mail.ru


Сіздерді Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілер күні кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!!!

2002 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясында бұл күнді БҰҰ Мемлекеттік қызметшілер күні деп жариялады. Осы бастаманы қолдаған Елбасы 2013 жылғы желтоқсандағы Жарлығымен 23  маусымды «Мемлекеттік қызметшілер күні»  деп белгіледі.

Мемлекеттік қызмет атқару – қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенімнің белгісі.

Біздің өңіріміздің нәтижелі дамуы сіздердің жоғары адамгершілік деңгейіңіз, өз қызметіңізге деген адалдығыңыз, патриоттық сезіміңіз бен заңдылықты бұлжытпай сақтауыңызға байланысты.

Мемлекеттік қызметкердің еңбегі терең біліктілікті, үлкен жауапкершілік пен төзімділікті талап етеді.

Бүгінгі күні мемлекеттік қызметшілерге үлкен міндеттер жүктеліп отыр. Мемлекеттік қызметшінің жұмысы терең білімділік пен іскерлікті ғана емес, үлкен жауапкершілікті талап етеді. Сондықтан, адам құндылығына қызмет ету қашанда мерейлі екенін ойласақ, өз тағдырын сеніп тапсырып, Сіздердің кәсіби шеберліктеріңіз бен біліктіліктеріңізге сенім артқан жандардың көңілінен шығу қашанда қиын. Қазіргі жаһанданудың өрелі биігіне қол созған кезде тәуелсіз елімізді өркендету жолында еселі еңбек етіп жатқандарыңызға шынайы ризашылығымды білдіргім келеді.

Мемлекеттік қызметкерлер жұмысының сапасына әлеуметтік және экономикалық өзгерістер, халық өмірінің деңгейі мен жалпыұлттық жобалардың жүзеге асырылуы тәуелді.

Мемлекет жоғары мамандандырылған, ұйымдасқан, құқықтық және нәтижелі басқармасы болған жағдайда ғана табысты болып гүлденеді.

Сіздердің күш-жігерлеріңіз алдағы уақытта да Қазақстандық демократияны, мемлекет экономикасын дамытуды қалыптастыру мен халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталатынына сенімдіміз. Қызметтеріңіз бен мемлекеттік қызметке деген адалдықтарыңыз үшін алғыс білдіремін!

Отанымыздың даму үрдісімен сабақтас әр күндеріңіз қуаныш пен жақсылыққа толы болсын!

Сіздерге Қазақстан халқына қызмет ету сияқты мәртебелі істе табыс, кемеңгерлік пен төзімділік, отбасыларыңызға амандық пен денсаулық тілеймін. Отанымыз – Қазақстан Республикасының игілігіне жасалған барлық қызметтеріңіз баянды болсын!

 

Ізгі ниетпен

Кеген аудандық

мәслихатының хатшысы                                          Н. Советов

Секретарь Кегенского районного маслихата

Видео