шаблоны сайт визитка joomla
Скачать шаблоны Joomla 3.5 бесплатно

Тел: 8 (72777) 21568; 21269; 21243    Email: Kegen_maslihat@mail.ru


Кеген аудандық мәслихатының

2018 жылғы «4» сәуірдегі

«Кеген аудандық мәслихатының аппараты»

мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы»

№1-6 шешімімен бекітілген қосымша

 

 «Кеген аудандық мәслихатының аппараты»

мемлекеттік мекемесінің

ЕРЕЖЕСІ

 1. Жалпы ережелер

 

1. «Кеген аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі Кеген аудандық мәслихатының, оның органдары мен депутаттарының қызметiн қамтамасыз ететiн Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. «Кеген аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

3. «Кеген аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мәслихат аппараты) өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. Мәслихат аппараты ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5. Мәслихат аппараты азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6. Мәслихат аппараты егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7. Мәслихат аппараты өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Кеген аудандық мәслихаты хатшысының өкімдерімен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

8. Мәслихат аппаратының құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 041400, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Кеген ауданы, Кеген ауылы, Б.Момышұлы көшесі, № 19 «а».

10. Мемлекеттік органның толық атауы – «Кеген аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі.

11. Осы Ереже мәслихат аппаратының құрылтай құжаты болып табылады.

12. Мәслихат аппаратының қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

13. Мәслихат аппаратына кәсіпкерлік субъектілерімен мәслихат аппаратының функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

 

2. Мәслихат аппаратының миссиясы, негізгі міндеттері,

функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

14. Мәслихат аппаратының миссиясы: Кеген аудандық мәслихатының тиімді қызметiн қамтамасыз ету.

15. Міндеттері: Кеген аудандық мәслихатының ұйымдастырушылық және сессиялық қызметін қамтамасыз ету.

16. Функциялары:

1) аудандық мәслихаттың, оның органдары мен депутаттарының қызметiн ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз ету;

2) аудандық мәслихаттың қарауына енгізілетін нормативтік-құқықтық актілердің және өзге де шешімдердің жобаларының Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келуін қадағалау, аудандық мәслихатпен қабылданған нормативтік-құқықтық актілерге мониторинг жүргізу;

3) аудандық мәслихаттың қызметін қамтамасыз ету шығындарын айқындау, іс-сапар шығындарын өтеу, депутаттарды қажетті кеңсе құралдарымен және депутаттық қызметті жүзеге асыру үшін өзге де тауарлармен қамтамасыз ету;

4) аудандық мәслихаттың және оның органдары мен депутаттарының қызметі туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау, аудандық мәслихатпен қабылданған нормативтік-құқықтық актілерді жариялау;

Кеген аудандық мәслихатының хатшысы

Видео