шаблоны сайт визитка joomla
Скачать шаблоны Joomla 3.5 бесплатно

Тел: 8 (72777) 21568; 21269; 21243    Email: Kegen_maslihat@mail.ru


Советов Нұрбай 1959 жылы Алматы облысы Кеген ауданы Ұзынбұлақ ауылында дүниеге келген. 1980  жылы Алматы халық  шаруашылығы институтын «экономист» мамандығы бойынша бітірген. 1980-1982 жылдары әскери қызмет атқарды.

Еңбек жолын 1980 жылы Торғай облысында 19 ЖМК (ПМК – 19) кәсіпорнының инженері ретінде бастады. 1982 – 1985 жылдары аралығында Кеген ауылында «Ауыл шаруашылық энерго»  кәсіпорнының бас есепшісі, 1985-1998  жылдар  Ұзынбұлақ   асылтұқымды  қой кеңшарының  бас есепшісі, директорының орынбасары, 1998-2003 жылдары Райымбек ауданы ауыл шаруашылығы департаменті басшысының орынбасары, 2003-2006  жылдары  Райымбек  аудандық  қаржы  бөлімінің бас маман – тексерушісі, 2006-2008 жылдары Райымбек аудандық экономика және  бюджетті  жоспарлау  бөлімі   басшысының   орынбасары, 2008-2009 жылдары Жылысай ауылдық округінің әкімі. 2009-2018 жылдары «Райымбек атындағы несие серіктестігі» ЖШС – нің төрағасы. 2018 жылдың 4 сәуірінен бастап Кеген аудандық мәслихатының хатшысы болып қызмет атқарады.

Аудандық мәслихаттың депутаты ретінде № 4 Ұзынбұлақ сайлау округі  сайлаушыларының еркін білдіреді, оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындау жұмысына қатысады және олардың жүзеге асырылуын бақылайды.

Аудандық мәсихаттың қызметіне, ауданда өткізілетін қоғамдық – саяси және мәдени шараларға белсенділікпен қатысады.

 

Кеген аудандық мәслихатының хатшысы

Видео